Экономика

Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді

2020 жылы жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өсімін 15 миллион шаршы метр баспана салу арқылы тежеу көзделіп отыр.

 Биыл жаңа пәтерлер бағасы қатты өзгермейді, деді “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев.

“Бұл нарықтың қарапайым ережелері. Баға ұсыныс жетіспеген кезде өседі. “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламаның бәрі жаңа үй сатып алуға бағытталған. Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның тұрғын үй қоры шамамен 13 миллион шаршы метр болса, биылғы жылы 15 миллион шаршы метрге жуық баспана салу жоспарда бар. Яғни, жылжымайтын мүлік одан да көп болады. Ал егер пәтер көп болса, олардың бағасы қатты өзгермейді деп болжап отырмыз”, – деді Омарқожаев сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

 

Атап өтсек, былтырдан бастап елімізде “Бақытты отбасы” бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бұған қоса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болуға болады. Басқа да түрлі бағдарлама мен жолдар қарастырылған.

 

Комментарий