Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Үнемшіл шенеуніктер бюджетке қанша миллиард пайда түсірді?

Қыруар қаражатқа қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға, мән-мағынасы төмен, бірақ шығыны шаш-етектен жиын өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялады.

Әкімдер мен министрлер Президент тапсырмасынан кейін көзге түсу үшін шығындарын қысқартудан жарысқа түсіп жатыр. Соның арқасында мән-мағынасы мардымсыз семинарлар мен конференциялар, қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға жұмсалайын деп тұрған жерінен 130 миллиард теңгеге жуық қаражат бюджетте қалды, Zanmedia.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

“Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді, оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге”, – деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының 24-інде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдарға бюджет қаржысын оңды-солды шашуға қатаң тыйым салған. Қыруар қаражатқа қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға, мән-мағынасы төмен, бірақ шығыны шаш-етектен жиын өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялады.

Президент сөзін жерде қалдырса, оңбайтынын жақсы түсінген шенеуніктер шетінен шығындарын азайта бастапты. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл тек басы ғана. Алдағы уақытта 129 миллиард тағы екі есе ұлғаюы мүмкін.

Комментарий