Экономика

Мемлекет шығындары 128,6 млрд теңгеге қысқарады

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқартпақ.

Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша, 128,6 млрд теңге қысқартылатын болды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан – 23 млрд теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге үнемделеді.

 

Комментарий