Қоғам | Общество

Автобус жүргізушісі көлікке мініп жатқан адамдарға қарамастан жүріп кетті

Бала жетектеген әйелдің өзі автобусқа кіріп үлгеріпті, бірақ оның ұлы сыртқа құлап кетеді.

Қарағандының Майқұдық ауданындағы аялдамалардың бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Автобус жүргізушісі көлікке мініп жатқан адамдарға қарамай жүріп кеткен. Бала жетектеген әйелдің өзі автобусқа кіріп үлгеріпті, бірақ оның ұлы сыртқа құлап кетеді.

Осы уақытта оның аяғын автобус басып кеткен көрінеді. 11 жастағы жеткіншек аяғының жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның аяғына ота жасапты.

“Қазір бала жансақтау бөлімінде. Жарақаты өте ауыр”, – деді травматологиялық емхананың жетекшісі Берік Түлеубаев.

Өз әрекетін автобус жүргізушісі уақыттан қалып қойғандықтан деп түсіндіріпті. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.

Комментарий