Қоғам | Общество

Халық саны 19 млн-ға жетіп қалды

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% – қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады.

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан – Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.

Комментарий