Бейбіт күннің батырлары | Герои нашего времени

Әскерилер бақ сынады

Семейде Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 31 жыл толуына және облыстық гарнизонның әскери бөлімдері арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау аясында шаңғы жарысы өтті, деп хабарлайды «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 5 шақырым қашықтыққа өткен жарысқа 300-ге жуық әскери қызметші – әскери құрамалардың 15 командасы қатысты.

Шаңғы жарысына интернационалист жауынгерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Жарыс басында «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов барлық интернационалист жауынгерлерге Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын орындаудағы адалдығы мен батылдығы үшін алғыс білдірді.

«Шығыс аймақтық қолбасшылығының барлық әскери қызметшілері атынан және өз атымнан барлық интернационалист сарбаздарға батылдық пен табандылық үшін алғыс айтамын. Жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқандарыңыз сіздер секілді нақты адамдардың ерлігі арқылы жоғары моральдық бағдар мен Қазақстанды Батырлар елі ретінде пікір қалыптастырады», – деді қолбасшы.

Жарыс нәтижесімен 28738 әскери бөлімінің командасы бірінші орынды жеңіп алды, 36803 әскери бөлімінің командасы екінші орынды еншілесе, 63310 және 12794 әскери бөлімдері бірдей уақыт көрсеткіштерімен үшінші орынды бөлісті.

Комментарий