Қоғам | Общество

Көмір шахтасынан өрт шығып, 116 адам эвакуацияланды

Өрт 100 метр тереңдікте шықты.

Шахтинскідегі көмір шахтасында өрт шықты, – деп хабарлайды Ішкі істер министірлігің Төтенше жағдайлар комитеті.

“15 ақпанда сағат 21:30 шамасында Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында өрт шықты. Өрт алдын ала мәлімет бойынша, 100 метр тереңдікте шықты. Шахтада 116 адам болған, олар эвакуацияланды”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге  60 қызметкер мен 6 дана өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Абырой болғанда адам шығыны болмаған. Қаза тапқандар жоқ.

Ескерте кетейік, өрт шыққан шахта  “АрселорМитталТеміртау” АҚ-ға тиесілі.

Комментарий