Қоғам | Общество

Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар жеті тас жолды су шайып кетті

Cолтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар жеті тас жолды су шайып кетті деп хабарлайды Астана арнасы.

Солтүстік Қазақстанның Селеті өзенінің бойында орналасқан Қаратал мен Қулыкөл ауылдарына қауіп төніп тұр.

Судың көлемі күн санап артып келеді.

Екі тәуліктің ішінде Селеті су қоймасы 90 млн текше метр су өткізді. Екі ауыл арасындағы жолды су шайып, қозғалыс қиындаған.

Аталған елді мекендерде мыңнан астам адам тұрады.

Құтқарушылар жергілікті мектептің ішінде эвакуациялық бекет әзірлеген. Әзірге онда 33 адам көшірілді. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Ал қалған тұрғындар баспаналарын тастауға асықпай жатыр.

СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов Селеті су қоймасының 574 текше метр су өткізіп жатқанын хабарлады.

Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, жағдайды бақылауда. 25 техника тартылды. Көрші облыстардан 15 құтқарушы көмекке келді. Қазір өңірдің ең ірі бассейні – Сергеев су қоймасында да судың деңгейі ұлғайып жатыр. Тәулігіне екі сантиметрге көбейген. Тағы 36 сантиметрден кейін өзен суы дамба қырынан асып түседі”, – деді Рамиль Камалов.

А. Құрманкин

Комментарий