Қоғам | Общество

Артық қыламын деп: 40 жылдық тәжірибесі бар хирургқа ота жасатқан әйел көз жұмды

Ол әйелде өлімге әкелетін жедел майлы эмболия басталғанын айтты.

“Артық қыламын деп тыртық қылған” 59 жастағы алматылық Нажия Муртазинаның туыстары әділдікке қол жеткізе алмай жүр. Ал сәтсіз хирургиялық отадан кейін комаға түскен әйел, 11 күннен соң көз жұмған, деп хабарлайды  “Евразия 1”-ге сілтеме жасап.

Алматылық әйел бетіндегі кем-кетіктерін ота арқылы тарттырып тастаймын деп көз жұмған. Бұл оқиға бұдан бір жыл бұрын болған. Оған арнайы операцияны қырық жылдық тәжірибесі бар хирург жасапты.

Марқұмның қызы Эльвира Муртазинаның айтуынша, анасы анестезия жасатудан қатты қорқыпты. Десе де ота жасатудан бас тартпаған. Қазіргі таңда 12 айдан бері  тергеу жүріп жатыр. Дегенмен, кісі өліміне байланысты іс сотқа жетпеген.

Операцияға дейін денсаулығында айқын проблемалар болған кезде ешқандай сынақтан өтпегені анықталды. Арна тілшілері емханаға барып, сол операцияны жасаған хирургті тапты. Ол әйелде өлімге әкелетін жедел майлы эмболия басталғанын айтты.

Осы уақытта адвокаттар клиникада заң бұзушылықтарды анықтаған.

Бақилық болған әйелдің туыстары болса, “басқалардың да басына мұндай жағдай емхана біржола жабылуы керек” деп есептейді. Ал заңгер-кеңесші Лейла Гусейнова болса, “хирург дәрігердің мұндай қызмет көрсетуге сертификаты жоқ. Бұл жерде, тек хирург ғана кінәлі емес деп ойлаймын” деп отыр.

Комментарий