Саясат | Политика

Тоқаев Ауғанстан президентімен не туралы сөйлесті?

Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясындаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады, хабарлайды akorda.kz.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты, делінген хабарламада. Ауғанстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айқан.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев 15 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен, «Siemens AG» компаниясының атқарушы директоры Джо Кэзермен және «Eurasia Group» компаниясының президенті Ян Бреммермен кездескен.

Комментарий