Әлемде | В мире

Қытай коронавирус жұқтырғандарды өлім жазасына кеседі

Қытай билігі қызуы көтеріліп, жөтеліп-шашалған адамдардың қоғамдық көліктерге мінуіне қатаң тыйым салды. Яғни, COVID-19 коронавирусының таралуына себепкер болған жандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Deutsche Welle басылымына сілтеме жасаған Vesti  сайтының хабарлауынша, коронавирус белгілерін қасақана жасырғаны немесе науқастың жағдайы туралы ақпаратты бұрмалағаны дәлелденген адамдар қатаң жазаға тартылады. Саяхатқа шыққанын жасырғандар да жауапкершіліктен тыс қалмайды. Вирустың таралуына себеп болғандар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп есептеледі. Ондай адамдар 10 жылға сотталуы, немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы, тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Мұндай шешім қабылданғанын 15 ақпан күні жұртшылыққа Қытай Халық Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы ескертті. Сырқат белгісі байқалғандар дереу келіп, 14 күн дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Карантиннен бас тартқандар жазаланады.

Бұл шешімнің жайын Бейжіңнің екінші деңгейлі Халық соты былай түсіндіреді: коронавирустың өршіп тұрған кезеңінде, жалған дәрі-дәрмектерді өндіру және тарату, басқа адамдарға коронавирус жұқтыру,  дәрігерлерге қасақана кедергі келтіру деректері дәлелденсе, ондай адамдарға  өлім жазасына дейін қатаң жазалар қарастырылған.

Қылмысты деп танылғандар 21 түрлі заңға қайшы әрекеттің бірін жасауы ықтимал. 4 жағдайда өлім жазасына кесіледі. Олар карантин мен емдеуден бас тартатындар немесе карантин режимін өз еркімен бұзатындар, қоғамдық орындар мен көлік құралдарына баратын патогенез тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Комментарий