Без рубрики

Қазақстаннан 20 мың бетпердені заңсыз әкетпек болған

Қытай азаматы Қазақстаннан Қытайға 20 мың медициналық бетпердені заңсыз өткізуге тырысқан. Контрабандалық жүк Алматы облысындағы Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде табылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 20 мың медициналық бетперде контрабандасын өткізбек болған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған baigenews.kz.

«14 ақпанда Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде ҚХР азаматынан контрабандалық тауарлар алынды, ол – Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 20 000 медициналық бетперде», – делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан медициналық бетперделердің экспортына тыйым салған. Алматы фармацевтикалық компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

 

Комментарий