Қоғам | Общество

Қордай қақтығысы: шекарадан 23 131 адам өткен

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі аймақтық штаб отырысын өткізді. Мәліметке қарағанда, қақтығыстан зардап шеккендердің саны ілгеріде айтылғаннан әлдеқайда көп екен.

Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен төтенше жағдайларды жою жөніндегі облыстық штаб отырысын өткізген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хаарлдады.

Мәліметке қарағанда, 185 адам жарақат алып, оның 34-і ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ, 39 тұрғын үй, 20 сауда нысаны және 47 автокөлік өртенген. «7-13 ақпан аралығында Қарасу, Аухатты, Сортөбе ауылдарының 23 131 тұрғыны Қордайдағы өткізу пункті арқылы Қырғыз Республикасына қашқан. Қайтіп келген адам саны –  21 261.

Ауылдарды тазарту жұмыстарына 250 адам мен 53 техника жұмылдырылып, 680 тонна құрылыс қалдықтары шығарылған. Қазіргі уақытта 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 жанармай құю станциясы және 30 басқа да нысандар қалпына келтірілуде.

Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Сортоба ауылдық округі әкімдігінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. Қазір 54 туу туралы куәлік, 48 жеке куәлік, 1193 балалар құжаты, 15 жылжымайтын мүлік құжаты, 8 неке туралы куәлік, 1 төлқұжат берілген.

Зардап шеккен 778 отбасына азық-түлік және қажетті тауарлар түрінде 57,2 тонна көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіліпті.

Комментарий