Бейбіт күннің батырлары | Герои нашего времени

ҚАЖ қызметкерлері тағзым эстафетасына қатысты

Бүгін облыс орталығындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты тағзым эстафетасы басталды. Бұл шара 2018 жылдың 28 қыркүйек күні Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшыларының Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілуде.

Салтанатты шараға 5513, 5514, 2035 әскери бөлімдерінің сондай-ақ 85395 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны, штабтық батальоны, артилериялық дивизионының және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Еліміздің Әнұранын шырқаумен бастау алған шара барысында «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін, Ұлттық ұлан «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы» қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ниязтай Әлкешев, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Макеев сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай сөз сөйледі.

Шара соңында 5514 әскери бөлімі 8-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін майор Төлеген Сауытбеков басқаратын 5513 әскери бөліміне тапсырды. Айта кетейік, «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты тағзым эстафетасы ертең 5513 әскери бөлімінде жалғасын таппақ.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

 

Комментарий