Қоғам | Общество

Қазақстандықтар бір жылда 1,3%-ға көбейген

Қазақстандықтардың саны 18,63 миллионға жетті. Қала халқы – 10 млн 893,8 мың адам (58,5%), ауыл халқы – 7 млн 738,4 мың адам (41,5%).

Қазақстан халқының саны 2020 жылдың 1 қаңтарында 18 миллион 632,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қала халқы – 10 млн 893,8 мың адам (58,5%), ауыл халқы – 7 млн ​​738,4 мың адам (41,5%) болды, делінген ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы 1 қаңтарымен салыстырғанда, халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% -ға өскен.

Бір жыл ішінде ең көп өсу деңгейі республиканың үш аймағында байқалды: Алматы (62,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (57,6 мың адам) және Түркістан (36,4 мың адам).

Комментарий