Қоғам | Общество

Алматыда жасөспірім қыздарды жол жиегінде қағып кетті: бірінің жағдайы ауыр

Алматыда Зерделі шағын ауданында Мөңке би көшесінде екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Lada жүргізушісінің айтуынша, ол тайғақ жолда көлігін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Осы уақытта сол жерден екі жасөспірім қыз кетіп бара жатқан. Ал жүргізуші бұрылып үлгере алмай, оларды қағып кеткен.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі ауыр халде.

Жағдайды полиция анықтап жатыр.

Комментарий