Қоғам | Общество

Ақмола облысында 27 жасар қыз жоғалып кетті

11-ақпан күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне Зеренді ауданы Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны келіп, қызы Ахмет Шолпан Жұмабекқызын (26.06.1993 ж.т.) іздестірутуралы өтініш жасаған. Ол қызының 7-ақпаннан бастап жоғалғанын мәлімдеген.

Қазіргі таңда қыздың орналасқан жері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұялы телефоны әлі де сөндірулі. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Бойы-156 см-ге жуық, тығыз денелі, қара түсті, каре шашты, оң жақ ернінің үстіңгі жағында қалы бар. Соңғы рет тобыққа түсетін жасыл түсті күртешеде, қара түсті бас киімде, көк түсті джинсыде, аяғында қоңыр бәтеңкесі болған.

Аталған факті бойынша Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шығып, оқиға орнына тексеру жүргізді. Анасы 7-ақпан күні Көкшетау қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына келіп кеткенін айтты. Анасы қоңырау шалғанда,телефоны сөндірулі болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен азаматшаның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері Шолпан Ахметтің тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардың барлығынан арнайы «102» желісіне хабарлауды сұрайды.

Комментарий