Саясат | Политика

Конституцияны білмеу оған өзгеріс енгізуге кедергі келтірмейді

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елдің Конституциясына өзгеріс енгізу бойынша жұмыс тобы мүшелерінің кейбірінің бұған дейін Негізгі заңды оқымағанынан ешқандай мәселе көрмейтінін мәлімдеді.  

Алматы, NEGE.  «Ешқандай. Мұны президент те атап өтті. Өйткені еліміздегі тұрғындардың көп бөлігі де Конституцияны оқымаған болар деймін. Азаматтарға оның керегі де жоқ, азаматтарға ең бастысы олардың негізгі құқықтарына кепілдік берілсе болды», – деді Песков жұма күні журналистерге берген сұхбатында.

Мұның алдында, бейсенбі күні конституциялық жұмыс тобының мүшесі, олимпиада чемпионы Елена Исинбаева РФ президентімен кездесу барысында ешқашан Ресейдің Конституциясын оқымағанын, “тіпті соншалық маңызды кітап деп ойламағанын” айтқан еді.  Исинбаеваның мойындауы мен оны президент Путиннің қалай қабылдағаны бейнеленген бейнежазба әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп үлгерді.

Комментарий