Саясат | Политика

Мамин: 100 қадамның 65-і орындалды

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Онда 2019 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, осы жылға арналған өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (ЖҰЖ) тармақтарының орындалу барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сондай-ақ мәдениет және спорт вице-министрі Е. Рамазанов баяндады, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 65-і орындалғаны айтылған. Биыл Ұлт жоспарының 10 қадамын орындау жоспарланған, атап айтсақ: кеден және салық жүйелерін реформалау және интеграциялау, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, жол-көлік инфрақұрылымы мен энергия үнемдеу салаларына стратегиялық инвесторларды тарту, жеке медицинаны дамыту және медициналық мекемелерде корпоративтік басқаруды енгізу, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту.

Жиында Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық әрі сапалы жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырған.

Комментарий