Экономика

Елбасы кеңсесін құруға қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Қазақстанның тұңғыш президенті кеңсесін құруға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізілді деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бюджетке үш бағыт бойынша өзгерістер енгізілді: Елорда атауын өзгерту, жалақыны көтеру және Елбасы кеңсесін құру. Осы мақсатқа шамамен 38,8 млрд теңге бөлінеді.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева жалақы өсімін шілдеден маусым айына ауыстыру үшін 37 млрд теңге қажет екенін жеткізді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Тұңғыш президенттің кеңсесін құруға республикалық бюджеттен шамамен 1 млрд теңге жұмсалады.

Еске сала кетейік, қаржы министрлігі Астана атауын Нұр-Сұлтанға өзгертуге қанша қаражат жұмсалатынын мәлімдеген болатын.

Комментарий