Қоғам | Общество

“Көпбалалы әке боламын”: Айқын тағы бір сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүр

Осыдан біраз уақыт бұрын екінші сәбиін күтіп жүргені белгілі болған Жұлдыз Өмірғалиға қатысты тағы бір шындықтың беті ашылды. Айқын болашақ балаларының жынысын жұртқа жариялап қойған деп жазады “Гәкку” арнасының “Follow Wars”бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының бірі әншіге сауал жолдаған. Ал Айқын келіншегінің қыз күтіп жүргенін айтқан.”Алла қаласа, қыз туады. Көпбалалы әке боламын. Екі ұлым мен екі қызым болады. Маған бір балаға 21 мың теңге, төрт балаға 84 мың теңге беруі керек қой негізі”, – деді Айқын.

Естеріңізге сала кетейік, Айқынның бірінші жұбайынан бір ұл, бір қызы бар.

Сондай-ақ әнші қазіргі әйелі Жұлдыздан бір ұлы бар. Жұлдызды жұп бүгінгі таңда екінші сәбін күтіп жүр.

Комментарий