Құқық | Право

Түрмедегі тірлік қызмекер көзімен

«ӨЗ БОСТАНДЫҒЫҢДЫ БАҒАЛА!» атты акция республика бойынша тұңғыш рет Ақтөбе облысында өткен болатын. Жыл ішінде шара 8 рет ұйымдастырылды. Әр экскурсияға облысымыздың түрлі салаларындағы мемлекеттік қызмештілер, мекеме басшылары қатысты.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе  облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық  кеңсесі Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен  бірлесіп ҚАЖ департаментіне қарасты КА/168/2 орташа қауіпсіз мекемесінде «Өз бостандығыңды бағала!» атты экскурсия ұйымдастырды.  Аталмыш шараға облыстық, қалалық спорт мектептерінің 30-дан аса басшысы қатысты.

«Басты мақсат – спорт, медицина, білім саласындағы, мемлекеттік  қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.  Жемқорлық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылғандардың түрмедегі  тірлігі қандай екенін сезіндіру», – деді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық
кеңсесінің баспасөз хатшысы Зульфия Набиулина.

Түрме қызметкерлері экскурсия қатысушыларына қамаудағыларға  арналған тәрбие беру кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған камераларды, серуендеу және тамақтану орындарын  көрсетіп, бас бостандығынан айырылған адамдар қандай қылмыстық  әрекеттер жасағанын және олардың жағдайы туралы айтып берді.

2020 жылдан бастап бұл шара екінші рет ұйымдастырылып отыр.  Жыл басында Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп КА-168/1 мекемесінде қаламыздағы медицина мекемелерінің басшыларына экскурсия ұйымдастырылған еді.

Ақпарат үшін:
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты КА-168/1,2,3 мекемелерінде 2500-ге жуық адам жазасын өтеп  жатыр. Олардың 500-ге жуығы түзеу мекемелерінде, ал 2000-ға жуығы  соттың шешімімен бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесіліп, пробация есебінде тұрғандар.

Зульфия НАБИУЛИНА,
«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық
кеңсесінің баспасөз хатшысы

Комментарий