Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

БЕДЕЛ БІР КҮНДЕ ҚАЛЫПТАСПАЙДЫ

Жуырда Алматы қаласы білім  басқармасының басшысы Ләззат  Жылқыбаева жас ұстаздармен кездесті. Шара «Тәуелсіз ел жастары»  қоғамдық қорының бастамасымен  ұйымдастырылған.

Жиында Алматы қаласының бас  ұстазы Ләззат Әуезханқызы «Қазіргі таңда Алматыда 1277 білім беру  ұйымы бар. Онда 32 мыңнан астам ұстаз білім береді. Оның 10 мыңға  жуығы жас мұғалімдер» дей келе,  «Педагог мәртебесі туралы» заңның
қабылдануымен қатар, «Еріктілер  жылы» аясында атқарылар шараларға тоқталды.

– Биыл республикалық «Үздік ұстаз» байқауынан бөлек, Алматыда да  «Үздік ұстаз» байқауы өтеді. Мұның  сыртында он үздік ұстаздың әрқайсысына екі миллион теңгеден грант  тағайындалмақ. Ал, бүгінгі басқосуға  келсек, бұл Алматы қаласы білім
басқармасының қолдауымен құрылған “Іскер ұстаз” жас ұстаздар клубының алғашқы отырысы. Аталған клубтың құрамына жиырма төрт жас мұғалім кіріп отыр. Клубтың басты мақсаты ұстаздардың мәртебесін көтеру. Себебі, педагогтердің мәртебесін бір ғана заңның аясында көтеріле салатын оңай шаруа емес.  Оған қоғам атсалысуы тиіс. Әрине,бірінші кезекте бұған ұстаздардың өзі түрткі болып, мұғалімдердің беделін арттырудың жолдарын  қарастыратын болады, – деген Ләззат
Әуезханқызы жас әріптестеріне ақыл- кеңесін айтып, өзінің ұстаздық еңбек жолы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Әдеттегі ресми жиынға ұқсамайтын  басқосуда «Іскер ұстаз» клубының  мүшелері білім бөлімінің басшысына  ұсыныстары мен сұрақтарын жеткізіп,  еркін форматта пікір алысты. «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының  президенті Бауыржан Айткаримов  «Іскер ұстаз» клубын құруға қолдау  білдірген Л.Әуезханқызына алғыс  айтты.

Жасыратыны жоқ, кейде жас мұғалімдер басқарма басшысы тұрмақ,  мектеп директорының алдына баруға  жүрексініп, кабинетіне кіре алмайтын  жағдайлар да болады. Алдағы уақытта  біз білікті басшы Л.Әуезханқызының  айналасында ұйысып, мол тәжірибе жинақтаймыз деген ойдамын. Ал,  аталған қордың басты мақсаты – жас  ұстаздардың белсенділігін арттыру,
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кадрлық резерв саясатын қолдау,  сондай-ақ еріктілер жылына үлес қосу, – дейді Бауыржан Айткаримов.

Фатима ҚОЗЫБАҚОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
тарих факультетінің доценті,
Айжан БАҒАШАР,
Фиология және әлем тілдері
факультетінің
1 курс студенті

Комментарий