Құқық | Право

Жемқорлық жайлаған әкімдіктер қайсы?

Қазақстанның сыбайлас жемқорлық жайлаған әкімдіктер аталды. 

«Әкімдік қызметкерлері және құрылымдық бөлімдер арасында сыбайлас-жемқорлық жайлаған аймақтар: Оңтүстік Қазақстан облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында-37, Жамбыл облысында – 30, Ақмола облысында – 19, Алматы және Қостанай облысында – 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14-тен», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарда көбінесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары білім беру саласында – 54, жер қатынастары саласында – 29, ауыл шаруашылығы саласында – 27, сәулет және құрылыс саласында – 25, ТКШ саласында – 19 жұмыс істейді екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері барлық әкімдіктерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Комментарий