Құқық | Право

Қазақстандағы ең «жемқор» 5 министрлік белгілі болды

Агенттік жүргізген мониторинг бойынша орталық мемлекеттік органдардың ішінде жемқорлық ең көп жасалатын 5 министрлік анықталды. Олар ІІМ, қаржы, қорғаныс, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктері. 

– Мысалы, Ішкі істер органдары жүйесінде тергеушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін, облыс аумағынан тыс жерге шығу үшін пробациялық бақылауда тұрған адамдарға құжаттарды жедел ресімдегені үшін пара алған. ТЖ бөлімшелерінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша шараларды қолданбағаны үшін, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде жалпы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақы алған. Полициядағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары республиканың барлық өңірлеріне тән, алайда 2019 жылы ең көп сотталғандар Нұр-Сұлтан (42 қызметкер), Алматы (26) және Шымкент қалаларының (23) полиция департаменттеріне тиеселі, – деді Анар Жарова.

Оның сөзінше, Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың саны бойынша екінші орында, яғни онда 49 жемқорлықпен ұсталған.

– Мұнда мемлекеттік кіріс органдары барынша теріс статистика көрсетіп тұр. Аймақ бойынша ең нашар жағдай – Алматыда. онда мемлекеттік кіріс органдарының 10 қызметкеріне қатысты айыптау үкімдері шыққан. Үшінші орындағы Қорғаныс министрлігінде 2019 жылы 28 лауазымды тұлға мен әскери құрамалардың әскери қызметшілеріне қатысты үкім шыққан. Көп жағдайда – бұл басшылық құрам (28 адамның 20-сы). Яғни әскери бөлімдердің әскери қызметшілері көбінесе жалған іс-сапарларды ресімдеу және жеке құрамға сыйақы беру, әскери киім-кешекті, жанармай мен өзге де мүлікті есептен шығарудың жалған актілерін жасау жолымен ұрлық жасаған, – деді Агенттік өкілі.

Комментарий