Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Зейнетақыға қанша млрд теңге бөлінді?

Биылғы қаңтар айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін – 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 222 мың 500 адамды құрайды» деп хабарлады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылдың 1 ақпанына 90 502 теңге болды.

Комментарий