Экономика

Әлемдік автоконцерндер шығынға батуда

Әлемдік автомобиль өндіруші компаниялар Қытайдағы зауыттардың тоқтап қалуы салдарынан туындаған шығындарын есептеп жатыр. Қытайдың кем дегенде 24 аймағында автоконцеріндер 10 ақпанға дейін жұмысын тоқтата тұрады.

IHS Markit зерттеу орталығының мәліметінше, бірінші тоқсанда 350 мың көлік құрастырылмай қалған. Оңтүстік Кореяда да қосалқы бөлшектердің жетіспеуіне байланысты Hyundai зауыттарында өндіріс тоқтаған. Мұндай бұрын-соңды болмаған карантин наурыздың ортасына дейін жалғасса, әлемдік автомобиль өнеркәсібі бойынша айналымға 1,7 миллион автокөлік шықпай қалады.

Эпидемия басталған Ухан қаласы – Қытайдағы автомобиль қосалқы бөлшектерін өндіретін ең ірі орталықтардың бірі.

Tesla компаниясының басшысы Илон Маск та осы жылы Шанхай зауытынан 500 мың автомобиль құрастырып шығаруды жоспарлаған, алайда қазіргі таңда оның электрокарын құрастыруға да автобөлшек жеткізу кешеуілдеп жатыр.

Қытайдағы ең ірі шетелдік автоконцерн – Volkswagen Group Пекиндегі үш жарым мың жұмысшысын 17 ақпанға дейін жұмысқа өз үйлерінен қатынап шыға тұруды сұранып отыр.

Комментарий