Құқық | Право

Қордайдағы қақтығыс: қариямен қоса, 2 баласын соққыға жыққандар құрықталды

Қордай ауданында қария мен балаларын ұрып-соққандар ұсталды.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатында айтты. Одан журналистер «Қарияның екі баласын ұрып-соққандар туралы ақпарат болды, олар ұсталды ма? Қандай жазаға тартылады?» деп сұрады.

“Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, олардың қалай жазаланатыны тергеу аяқталып, сот үкімі шыққанда анықталады. Кеше бізге полицейлерді ұрып-соққандар туралы да сұрақ қойылды. Олар да ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр”, – деп жауап берді Сапарбаев.

Комментарий