Құқық | Право

Қызметінен босатылған полиция бастығы жамбылдықтарға үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты шенділердің біразын жұмыстан босатқан болатын. 

 Қызметінен босатылғандардың ішіндегі Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Арман Оразалиев халыққа алғысын білдіріп, фейсбук парақшасында жазба қалдырды.

«Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын.Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын. Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым. Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін», – деп жазды Арман Оразалиев.

Комментарий