Саясат | Политика

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына әкім болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевты ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатып, Жамбыл облысының әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Жамбыл облысының әкімі болған Асқар Мырзахметов қызметінен босату туралы арыз жазған.

Осы тағайындаудың алдында ғана Nege.kz порталы Асқар Мырзахметовтің қызметінен кетіп, орнына Бердібек Сапарбаев келуі мүмкін екенін жазған.

Комментарий