Судья мінбері | Судебная система

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы …» Заңын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар

  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/13 мекемесінде Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 180-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қолданысқа енгізіліп, бірқатар жұмыстар іске асырылуда.

Заңға енгізілген өзгерістердің түсініктемесін арнайы есепке алу тобының қызметкерлері арнайы контингент арасында жауапкершілікті немесе жазалауды жеңілдету немесе сотталған адамдардың жағдайын жақсарту мақсатында талқылау ұйымдастырды.             Негізсіз заң нормаларын қолдану фактілерін болдырмау немесе заңның кері күші қолданылуынан бас тартылуын болдырмау үшін әрбір сотталғанның тағдырына Заң талаптарын іске асыру барысында барынша көп көңіл бөлінді.

Заңмен белгіленген залал мөлшері АЕК-нің (айлық есептік көрсеткіш) шегінен аспайтын сотталғандарға, сондай-ақ ауыр қылмыс жасаған басқа сотталушыларға қатысты жаза мерзімдері қысқартылды.

Осылайша, 2018 жылы 20 материал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабына сәйкес сотта қарастырылып, оның ішінде 6 сотталғанға мерзімідері қысқартылып, қылмыстық әрекеттері қайта саралану себебінен босатылды. Уақытылы әлеуметтік көмек (жұмыспен қамту, тұрғын үй, білім беру, медициналық көмек) қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және ішкі істер органдарына, пробация қызметтеріне алдағы босатылу туралы хабарламалар жіберілді.

Әрбір материал әр сотталушы үшін сотта жеке сот процесімен қарастырылды. Бұл кезекте айта кететіні, қылмыс жасаған адамның жағдайын нашарлататын заңның кері күші болмайтыны түсінікті. Жаңа коекстің ескі басылымдағы редакциясынан айырмашылығы,  қылмыспен келтірілген залал мөлшерін (аса ірі, ірі, айтарлықтай), атап айтқанда, экономикалық қылмыстар үшін сотталуғанның жағдайын жақсартады, себебі залалдың шегі АЕК  есебінен жоғары мөлшерде бекітілген. Бұл тұлғаларға қылмыстық әрекеттерін қайта саралау ғана емес, (жеке адамға, мүлікке және т.б. қылмыстар жасаған адамдардан басқа) жаза мерзімін қысқарту да қолданылады.

Кейбір баптар бойынша декриминализация болса, ал келесілері бойынша жазалау санкцияларының көлемі де қысқартылды, бірақ бірнеше рет орын алған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекет ізгілендіру қағидаттарына сәйкес әрекет етеді, тағайындалған үкімді жеңілдетіп немесе мүлде кылмыстық бабының алынып тасталуына байланысты жазадан босатып жібереді.

Арнайы есепке алу тобының инспекторы

әділет лейтенанты

Жылқыбекова Ә.А.

Комментарий