Аймақ | Регион

Қатты желден үш қабатты мектептің шатыры жұлынып кетті

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Түркістан облысында қатты соққан желден жергілікті ауылдық мектептің шатыры қирады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Түркістан облысының Төле би ауданы Жыланбұзған ауылында жел екпіні секундына 26 метр болып, ауылдағы үш қабатты орта мектептің (көлемі – 1000 шаршы метр) шатырын жұлып кетті.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Комментарий