Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қордай ауданында болған жанжал неден шықты?

Ақпанның 7-і күні әлеуметтік желілерде түрлі видеолар тарады. Онда Қордай ауданының Масанчи ауылында тұратын дүнгендер деп көрсетілген бірнеше адам полиция қызметкерлерімен ерегесіп, кейбіреуі тәртіп сақшыларын жерге жығып, балағаттауда. Кейіннен көршілес ауылдардағы жергілікті қазақтардың Масанчи ауылына барғандығы бейнеленген видеолар «Whats App», «Facebook» желілері арқылы тарады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланатын айтты. Ол өзінің Twitter парақшасына:

«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды.Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», – деп жазды.

Жергілікті полиция дерегінше, “тұрғындардың бірі полицейлердің тоқта деген талабын орындамай, үйіне кіріп кеткен. Кейін жүргізушінің туысқандары полицияға қарсылық білдіріп, жарақаттаған”. Департамент бұл оқиға бойынша екі адамның ұсталғанын, олардың үстінен “Билік өкілдеріне күш қолдану” бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бейресми ақпарат бойынша, Масанчи ауылының тұрғындары, этникалық дүнгендер 80 жастағы қария мен оның екі ұлын соққыға жыққан. Салдарынан ақсақалдың бел омыртқасы сынған. Осыдан кейін қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал болған.

Дереккөз: zhasalash.kz

Комментарий