Экономика

Вирус қазақтарды Камриден айыра алмайды

Осының алдында Тойота коронавирус қаупіне байланысты Қытай зауыттарындағы өндіріс жұмыстарын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ одан Қазақстанға ешқандай зиян тимейді дейді, сарапшылар.

Қазақстанға Тойота автоөнімі Ресейдегі Шушары елді-мекеніндегі зауыттан және Түркиядағы зауыттан жеткізіледі. Бізге Қытайдағы Тойота зауыттарынан ешқандай өнім келген емес. Қытай зауыттарының өнімі негізінен Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ-қа жөнелтіледі. Кеше Тойота “түрлі факторларды, оның ішінде жергілікті және аймақтық үкімет ұсыныстарын, қосалқы бөлшектерді жеткізуді және логистиканы ескере отырып, Қытайдағы өндірісті уақытша тоқтатамыз» деп мәлімдеген.

Зауыттар келесі апта жабылатын болады. Бірақ Тойота 17 ақпаннан бастап қайтадан қалыпты жұмысына оралуға дайын екенін жасырмады. Тойотаның Қытайда 12 автомобиль және қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт бар.

Бұған дейін Starbucks коронавирустық індетке байланысты Қытайдағы кофеханаларының  жабылатыны туралы жар салған еді.

Әзірге Қазақстан Қытайдан тауарлар импортына шектеп отырған жоқ. Мамин бастаған министрлер кабинеті коронавируспен күреске  3,5 миллиард теңге бөлді.

Комментарий