Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қордай: атыс және өрт

Қазақстан дүнгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров Қордай ауданындағы Масанчи ауылында атыс басталып, жағдай нашарлап кеткенін айтты деп, хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

 

«Полиция мәліметіндей емес, Масанчидегі жағдай бақылаудан шығып кетті, жас жігіттер Масанчи ауылындағы 10-нан астам үйді өртеп жіберді,  атыс басталды, олар адамдарға оқ жаудырып, ұрып жатыр, полиция ештеңе істей алатын емес. Адамдар қауіпсіздік күштерінің келуін күтуде, бірақ әзірге жағдай нашар», – деген Дауров агенттік тілшісіне.

Қазақстан дүнгендер қауымдастығының төрағасы Масаншы елді-мекені маңындағы Сортөбе ауылында тұрады.

«Қазір 10-нан астам үй өртеніп жатыр, өрт сөндіру машиналары да көрінбейді. Жаппай айқас бар», – депті Дауров.

Осы оқиғаға байланысты NEGE.kz. бүгін оқырманға екі ақпарат берді. Оны екеуінде де ресми мәлімет алу үшін Жамбыл облыстық ПД-не сауал  жолдап, жауап алған. Ал бейресми ақпарат көздері не дейді? Тілшімізге берген жергілікті тұрғынның айтуынша, Масаншы ауылында полицияға бағынбайтындар, оларды адам екен деп қарамайтындар көбейген. Дәл осындай болмағанмен, кіші-гірім ұрыс-керіс кезінде заң органы өкілдерін елемейтін, қалтасындағы ақшасымен  бәрін сатып алатынына сенетіндер пайда болған.

Қазақстан дүнгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауровтың дабыл қағып жатқанына қарағанда, олар дүнген ұлтының өкілдері секілді.  Бейбіт елде  мұндай оқиғаның неліктен орын алғанын тиісті органдар көп ұзамай түсіндіретін шығар деп үміттенеміз.

Комментарий