Әлемде | В миреЕлең еткізер | Актуально

Ресейлік ғалымдар вирустарды өлтіретін медициналық бетперде ойлап тапқан

Новосибирск қаласындағы қатты денелер химиясы және метанохимия Институтының мамандары вирустарды тұтып қана қоймай, оларды өлтіруге қабілетті бетперде әзірлеген. Ғалымдар жаңа өнім коронавирусқа қарсы тұруға да қауқарлы екеніне сенімді.

Ресейдің ғылым Академиясының Новосибирск қаласындағы бөлімінің ресми басылымы «Наука в Сибири» журналының жазуынша, жергілікті ғалымдар бетперденің өзегі ретінде өздері әзірлеп шығарған мельтблаун мен нанокүмістен тұратын материалды пайдаланған. Тәжірибелік сынақ барысында тірі микроағзалардың мұндай сүзгіден өте алмайтыны анықталыпты. Тексеру кезінде А типті тұмау және бактерияның екі түрі – стафилококк пен E. Coli вирустарын пайдаланған.

Ғалымдар микросымдардан тұратын екі заттың қосылысы вирустарды бірден өлтіреді. Сонымен бірге оны әдеттегі бетпердеге қарағанда ұзағырақ, 10 сағатқа дейін пайдалануға болады. Ал күмістің нанобөлшектерінің әсерімен бетперде өздігінен тазару қабілетіне ие болады. Яғни түнде шешіп қойған бетпердені ертесіне қайта пайдалануға әбден болады дейді ғалымдар. Жаңа өнім авторлары оның өндірістік құны кәдімгі бетпердеден қымбат болмайтынын да мәлімдеп отыр.

Комментарий