Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

ҰБТ-дағы былықтар туралы хабарлағанға 100 мың теңге

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі жемқорлық пен емтихан жауаптарын сату туралы анық деректер берген адамға 100 мың теңге сыйақы беруге дайын екендерін мәлімдеді.

«Біз жемқорлыққа қатысты кез келген мәлімет үшін 100 мың теңге сыйақы беру ережесін енгізгіміз келеді. Бұл ақша бюджеттен бөлінбейді, жемқорлық деректері туралы анық хабар берген адамға өз қалтамнан төлеуге дайынмын. Егер біреу құпия түрде қандай да бір деректі айтып, ол расталатын болса, мен сот шешімін күтпестен осындай көлемде сыйақы төлеуге әзірмін»,  деді Смағұлов.

Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшаларында телефон нөмірі көрсетілгенін, жемқорлық деректері орын алған жағдайда кез келген азаматтың өзіне тікелей хабарласа алатынын жеткізді.

Комментарий