Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Құқық бұзушылық жасаған жолсеріктерге айыппұл салынды

Құқық бұзушылық жасаған қылмыстық істерді тергеу барысында заң бұзушылықтарды жою жөнінде бірқатар жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

  • 2019 жылы БКП-ның үйлестіру жұмысының нәтижесінде прокуратура және қылмыстық қудалау органдары 1112 ұсыну енгізді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10% -ға артқан.
  • Осындай негіздер бойынша соттар 26 жеке қаулы шығарды, олардың 13-і мемлекеттік айыптаушылардың өтінішімен қабылданған.​ ​
  • Оларды қарау нәтижелері бойынша 240 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 5 – әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 25 қызметкермен еңбек шарттары бұзылды, 730 құқықтық түсіндіру шаралары өткізілді.

Жалпы мұндай шешім қабылдауға мына мәселелер түрткі болған: жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, күзет құрылымдарына ведомстволық бақылауды тиісінше жүргізбеу, бейнебақылау құрылғыларының жетіспеуі, жарықтандырудың жоқтығы, «есепке алынған» тұлғаларға тиісті бақылау жасамауы және тағы басқалар.

Мысалы, Семей көлік прокуратурасымен қылмыстық істі зерделеу барысында құны 60 мың теңге тұратын ұрланған ұялы телефон ломбардпен 10 мың теңгеге қарыз беру үшін кепілге алынғаны анықталды.​ Ломбард қызметкері телефондағы құқықтық белгілейтін құжаттардың бар немесе жоғын тексермей, қылмыскерге ұрланған мүлікті сату мүмкіндігін берген.Осы факті бойынша уәкілетті орган тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Көлік прокуратурасымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қызметтегі әрекетсіздік және салғырттық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу мәселесі қарастырылуда.

   

Комментарий