Шоу бизнес

Өнер иелері үкіметке неге наразы?

Қазіргі таңда  әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын ұйымдастырып жүрген әнші-әртістер мен блогерлердің қарасы қалың. Осыған  байланысты  күні кеше  Мәжіліс депутаттары  ұтыс ойындары  туралы заң жобасын қабылдап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа заң жобасына сай енді арнайы лицензиясыз әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын  өткізуге тыйым салынадыБірақ Үкіметтің бұл шешімімен эстрада жұлдыздары келіспей отыр. Әнші Бүркіт біраз уақыт бұрын  әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ұтыс ойындарын өткізуді бастаған еді.  Үнтаспасының  электронды нұсқасын 10 мың теңгеге сатып, пәтер, көлік пен жүздеген тұрмыстық заттарды ойнатқан. Бұл бастаманың жалғасын қолға алған Бүркіт мырза жаңа заңға наразылығын білдірді.

«Біз өз лотереямызды ашық өткіземіз. Халыққа барынша жақсылық жасауға тырысып жатырмыз. Осы жолы бес адам автокөлік иесі, Нұр-Сұлтан қаласында бес пәтердің иесі болады. Ол жаман ба? Әрине, жақсы. Қазірдің өзінде үкімет те пәтерді әшейін беріп жатқан жоқ қой. Ал бізде 10 мың теңгені тігеді де, бір пәтерді ұта салады. Бұл лотереядан барлығы бақытты болады»,- деген өнер өкілі көптеген қазақстандықтардың баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтқан. Сонымен қатар  Қарақат Әбілдина 5 мың теңгенің шұлығын сатып, халық арасында пәтер мен көлікті ойнатқалы жүр. Жаңа жарлыққа қатысты ойын білдірген әнші, Болмановтар отбасының қолға алған шарасын ұтыс ойыны емес екенін тілге тиек етті.

«Бұл өз өндірісім, біреудікі емес. Өз баспанам, өз оқырмандарым, бәрі заңды. Біз заң аясында ғана қимылдап отырмыз. Отандық өнімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатқан маркетингтік  мега-акция.  Біз заңгерлермен ақылдастық. Бұл жоба заңға қайшы емес», – деген Әбілдина, өздері жарнамалап жүрген өнімдерінің кім-кімге болса да пайдалы екенін жеткізген.

 

Комментарий