Әлемде | В мире

42 мектеп уақытша жабылды. Неге?

Сеулде коронавирустың өршуінен 42 мектеп уақытша жабылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. 

Вирус жұқтырғандардың бірі Сонгпада тұратыны туралы хабарламадан кейін Сонгпа округінде және Гангдонг округіне жақын аудандарда төрт бастауыш және бір орта мектеп жабылды, деп хабарлайды Yonhap. Сонбук-гу және Джуннанг округтеріндегі, Сеулдің солтүстік-шығыс аудандарындағы 42 мектеп жаңа коронавирусты жұқтырған пациент тұрған жерден бір шақырым қашықтықта орналасқан. Сол себепті аталған білім ошақтары бүгіннен бастап жеті күнге сабақты тоқтатуға мәжбүр болды. Елдің Білім министрлігі сақтық шарасы ретінде университеттерге сабақты төрт апта кейінге шегеру жөнінде ұсыныс білдірді.

Бейсенбі күні Оңтүстік Корея тағы да төрт адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Осылайша, пневмонияға шалдыққандар саны 23-ке жетті. Қазіргі уақытта коронавирус 27 елде анықталған.

Комментарий