Талқыдағы тақырып

Қоғаммен байланыс саласы терең дағдарыста

Әкімдердің аккаунттарын оқып отырмыз. Көбі тек жұмысына қатысты сірескен ақпарат салады. Анда бардым, мынаны істедім. Есеп беру. Бұлай қала берсе олардың аккаунттарын мемлекеттік балансқа алып, әкім жүргізетін облыс, қаланың меншігі деп жариялау керек.

Есеп беру үшін әкімдіктердің ресурстары жеткілікті ғой. Баспасөз қызметі бар, әкімдіктің парақшалары бар, сайты бар, ақпараттық тапсырыс беріп отырған БАҚ, блогерлері бар.

Жоқ, жеке аккаунтым десе, онда жұмысынан басқа жеке өмірі, жеке ой-пікірлері болғанын күтеді халық. Халық әкімнің өзі сияқты адам екенін тең сезінуі, ақпарат алмаса алуы, кейбір мәселеде әкімнің өз аузынан түсінікті ақпарат алуы үшін аккаунт керек. Ондай әкімдер бұған дейін өз еркімен тіркеліп қойған. Ал президент айтты деп ашылған аккаунттан ондай ақпарат алу қиын шығар.

Бір шеті мұндай тапсырманың болуы мемлекеттің қоғамммен байланыс орната алмай отырғанының белгісі. Мұны сезген президент әкімдерге “енді осы арқылы өздерің халықпен байланыс орнатыңдар, түсіндіріңдер”, дегенді меңзеп отыр. Қоғаммен байланыс саласы терең дағдарыста.

Ербол Азанбек

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий