Құқық | Право

Шымкентте 9-сынып оқушысының мәйіті табылды

15 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп кеткен болуы мүмкін. Шымкентте элиталы көп қабатты үйдің маңынан мектеп оқушысының мәйіті табылды.

Сұмдық жағдай 30 наурыз күні түнгі сағат 22:00 шамасында Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй маңында болған, деп хабарлады “Отырар” телеарнасы.Белгілі болғанындай, жасөспірім қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сыныбында оқыған. Бұл жағдайды қалалық білім басқармасының мамандары растады.

Алдын ала болжам бойынша 15 жастағы жасөспірім жоғарыдан секіріп кеткен болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтап жатыр.

Комментарий