Құқық | Право

Түркістан облысында кабинетінде карта ойнаған әкімнің басы бәлеге қалды

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында карта ұйымдастырғаны үшін жазаға тартылып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Болған жайтты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырған шенеунік тәртіптік жазаға тартылып жатыр.

“Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі”, – дейді видео авторы.

Телеарна мәліметінше, Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетінде құмар ойын ұйымдастырған.

Осыдан кейін елдімекен басшысының ісі облыстық тәртіптік кеңесте қаралды.

Сейдалиев кінәсін толық мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сыңай танытқан.

Олар ауыл әкімі қызметіне сай емес деген шешімге келіп, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

 

Комментарий