Қазақстан жалпыға бірдей декларацияға толығымен 2025 жылға қарай көшеді. Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпыға бірдей декларация қашан және кімдер үшін енгізіледі?
Бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастайды.
2023 жылдың қаңтарынан – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салалар) және олардың жұбайлары.
2024 жылы заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.2025 жылы – халықтың қалған санаты.
“Әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталады және заңнама, әдістеме және ақпараттық жүйелерді жетілдіру шаралары қабылданады”, – деп хабарлады комитет.
Қазір жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу жөнінде заңнамаға түзетулер әзірленіп жатыр. Өзгерістер парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте ұсынылады.
Комментарий