Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

ЕАЭО: Шекарадан ақша алып өтудің жаңа ережесі бекітілді

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шекарасынан қомақты ақша алып өту ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді 10 мың доллардан көп соманы өткізу үшін шекара декларациясын толтырып қана қоймай, ақшаның қайдан келгені туралы құжатты да ұсыну қажет.

Ереже бүгін 4 ақпаннан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Ресей Федералдық шекара қызметі.

Қаражаттың қайдан келгенін растайтын құжат ретінде шоттан ақша алғаны туралы, несие алу туралы банктен берілген анықтаманы, мұраға алғанын немесе сыйға тартқанын растайтын анықтамаларды ұсына алады.

«Қажетті құжаттарды көрсетпеген жағдайда ақшаны ЕЭО шекарасынан алып өтуге жол берілмейді», – делінген мәтінде.

Бұл норма құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіретін ЕЭО елдерінде жүзеге асырылады.

Комментарий