Әлемде | В мире

Қарулы шабуылдан 8 адам қаза тапты

Мексиканың Уруапан қаласында ойын залындағы атыстан кейін кемінде сегіз адам қаза тапқан. Бұл туралы 4 ақпанда  Мичоакан прокуратурасы мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, атыс дүйсенбі күні Магдалена де Уруапан аймағында болған. Сегіз адам оқиға орнында оққа ұшса, бір кісі ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген. «Өлгендердің жеке басы әлі анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде» делінген прокуратура мәліметінде.

27 қаңтарда Мексиканың Квинтана-Ру қаласында қылмыскерлер ұшақты басып алып, есірткі тиеп әкеткен еді. Оларды ұстау үшін елде әскери  операция ұйымдастырылған. Мексикадағы қылмыстардың негізгі бөлігі есірткі мафиясымен байланысты. «Есірткі бизнесіне қарсы соғыс» басталған 2006 жылдан 2019 жылға дейін Мексикада 60 мың адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Комментарий