Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

ҰҚК тероризмге қатысы бар деген күдікпен 5 адамды ұстады

Қарағанды мен Таразда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитет баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

ҰҚК дерегіне сүйенсек, ұсталғандар деструктивті діни ағымның ерушілері болып табылады. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Сот санкциясымен олар екі айға қамауға алынды.

“Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу” (ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы), сондай-ақ “Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру” (ҚР ҚК 256-бабы) деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген ҰҚК хабарламасында. Тергеу болжамы бойынша, топ Қазақстан аумағында, соның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасады.

“Қамшы” сілтейді

 

 

Комментарий