Талқыдағы тақырып

Шенеуніктер «Twitter» мен «Telegramm» жаққа неге көшіп кетті?

Шенеуніктер «Twitter» мен «Telegramm» жаққа көшіп кетті. «Facebook» әлемінен неге сол жаққа кетіп жатыр? Неге «Facebook» парақшасын қатар алып жүрмейді? – деген сұраққа, бір ғана логикалық жауап бар.

«Twitter» мен «Telegramm» парақшаларында оқырман комментарий жаза алмайды. Яғни өзге пікір мен негативты көргісі келмейтін адамның қадамы. Жазады – болды. Ары қарай оны скриншоттап алып талқылай ма, қағазға түсіріп жариялай ма, бәрібір.

Ал құдыретті күшті «Facebook» – ол демократияның бесігі. Жазасың – астыңа 50-100-150 пікір келеді. Кейде негатив, кейде позитив, кейде адекват, кейде қуғынбайлар. Бірақ шенеунік болған соң, xалықтың айтар сөзін де оқыған (тыңдаған) жөн деп білемін.

Өзімде осы желінің түгелі бар, бірақ приоритет «Facebook» парақшасында, себебі бұл жерде диалог бар. Ал қоғамды дамытатын диалог, монолог емес.

Samat Nordman Nurtaza 

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий