Әлемде | В миреЕлең еткізер | Актуально

Өзбекстан Қытаймен әуе қатынасын тоқтатты

Өзбекстан коронавирусқа байланысты Қытаймен әуе байланысын тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті билік аспан асты елінен өз азаматтарын арнайы ұшақтармен қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы осы елдің Көлік министрлігі мәлімдеді. Ресми деректер бойынша, қазір Қытайда 72 өзбек студенті бар екен. Бірақ олардың ешбіреуі қазірге дейін өздерінің денсаулығының нашарлағанын айтып, дәрігерлерге шағымдана қоймаған. Айта кетейік, коронавирусқа байланысты қазір әлемнің көптеген елінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Комментарий