Аймақ | Регион

Қазақстанда күн жылынады

Елімізде 1-3 ақпан аралығында күн жылынады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Каспийдің үстінде циклон қалыптасып, ол таяу күндері атмосфералық ағындар мен оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағындарымен бірге Қазақстанға ауысады.

Циклон өзімен бірге ылғалды және жылы ауа массаларын әкеліп, түнде ауа температурасы плюс 2…8°С болады. Яғни, республикадағы ауа температурасы бірден көтеріледі.

«Демалыс күндері оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3…13°С, дүйсенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 0…минус 8°С болады. Атмосфералық ағындар жылумен бірге жауын-шашын әкеледі: оңтүстікте және батыста жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауса, басқа өңірлерде қар жауады», – делінген хабарламада.

Комментарий